Меню KDT
kaz.jpg?_=1
Текст для бег.. стр

Айымжан жалпы орта білім беру мектебінде 25 қазан – 22 қараша аралығында «Зорлық - зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» атты акция өткізілді. Алдын ала жасалған жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді:

-          8 қараша күні 1-11 сыныптар аралығында мектеп директоры, тәрбие және білім ісі жөніндегі мектеп басшысының орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен «Бала тәрбиесі-басты мақсатымыз» мектепшілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды;

-          13 қараша күні ЮНИСЕФ әзірлеген материалдар негізінде әлеуметтік педагогтың басшылығымен «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» атты дүниежүзілік сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік алу (БҚК); - жаһандық мақсаттар мен Конвенция арасындағы тығыз өзара байланысты түсіну; - барлық балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау; - өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастау құрады;

-          7 – 20 қараша аралығында «Бала құқығы - адам құқығы» онкүндігі жүзеге асырылды. Декаданы келесі іс-шаралар құрады:

−                   Дөңгелек үстел  «Балалар бақытты болсын!»;

−                   Сынып сағаттары «Заңдар әлеміне саяхат»;

−                   «Ұнайтынымды суретке саламын» плакаттардың шығармашылық конкурсы. Осы байқауда Әскер Әлижан, Сапар Алмас, Ойрат Гүлімнің  салған суреттері үздік деп бағаланды;

−                   Психолог пен әлеуметтік ұстаз мектеп оқушыларының арасында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» сауалнамасын жүргізді;

−                   «Қатыгездіксіз балалық шақ» ой-толғау байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша    сынып оқушысы Раисова Әсем бірінші орынды иеленді.

−                   Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары  жетекшілігімен «Мен және менің құқықтарым» атты 8 бен 11-сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.

−                   18 қараша күні 5-8 сынып арасында «Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Сайыс нәтижелері бойынша «Фемида» тобы жеңіске жетті.

Барлық іс-шараларды өткізуге мектеп әкімшілігі,  психолог және сынып жетекшілер бірлесе отырып атсалысты, сыныптар да белсенділік танытты. өткізілді.

 дддпп